Ya Metrika Fast


English version

Қазақстандықтар бір айда 129 келі алтын құйма сатып алды

События дня — 21 декабря 2021 00:00
0
Изображение 1 для Қазақстандықтар бір айда 129 келі алтын құйма сатып алды

Биылғы жылдың қараша айында қазақстандық банктер мен айырбастау пункттерінде салмағы 129,2 келі болатын 3 401 өлшенген құйма сатып алынды.

Ұлттық банк мәліметінше, 2017 жылдан бері қазақстандықтар жалпы салмағы 2,6 тонна болатын 71 631 құйма алтын сатып алған. Сәйкесінше, бір айдың ішінде қазақстандықтар осы жалпы соманың 4,9 пайызына ие болды.

Биылғы жылдың қазан айында қазақстандықтар 88,6 келі алтын сатып алған. Алтын құймалар бес сортта ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г.Сатып алушылар арасында ең танымалы — салмағы 10 г болатын құйма.Оның жалпы сатылымдағы үлесі 28% — 19 816 дана.


Одан кейінгі орында 100 грамм – 15 911 дана (22%) және 20 грамм – 13 779 дана (19%), 5 грамм – 12 367 дана (17%), 50 грамм – 9 758 дана (14%). Негізінен, алтын құймалары Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Чингиз Айтматов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.