Қазақстанда жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өсетіні айтылды
2022 жылдан бастап Қазақстанда бірқатар мамандық иелерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдан бастап мына қызметкерлердің табысы артатын болады: мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және басқалар жатады.
Сондай-ақ, ведомствода 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ 60 мың теңгені құрайтынын еске салды, бұл ағымдағы көрсеткіштен 41% — ға жоғары. Бұл әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда барлық салаларда жұмыс істейтін 1,6 млн адамның ақшалай табыстарының өсуіне әкеледі.
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.