Ya Metrika Fast


English version

Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

События дня — 17 января 2022 00:00
0
Изображение 1 для Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

Тимур Құлыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кетті.

– Бүгіннен бастап мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайланған төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Съезд делегаттары мен президиум мүшелеріне маған көрсетілген сенім үшін алғыс айтқым келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары қадағалау органын сегіз жыл бойы басқарғаным мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды, – деді ол өз хатында.

Айта кетейік, бұған дейін «ҚазТрансГаз» және «ҚазТрансОйл» ұлттық компанияларынан Дариға мен Әлия Назарбаевалардың күйеулері Шәріпбаев пен Досанов басшы лауазымынан босатылған еді.


Димаш Досанов – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры және басқарма төрағасы болған. Ол бірінші президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваға үйленгеннен кейін көп ұзамай 2016 жылы 6 тамызда жоғары лауазымға тағайындалды.

Чингиз Айтматов

Шәріпбаев тұңғыш президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаевамен бас қосқан. Бұған дейін «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болған Қайрат Шәріпбаев қызметтен кетті.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.