Ya Metrika Fast


English version

Қазақстандық файтер MMA-ден үш дүркін әлем чемпионы атанды

События дня — 30 января 2022 00:00
0
Изображение 1 для Қазақстандық файтер MMA-ден үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық файтер Бағдат Жұбаныш тарихтағы тұңғыш ММА бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанды.

— 29 қаңтарда Абу-Дабиде ММА бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Әлем чемпионатына 56 елден 421 спортшы қатысты. Жарыстар 18-21 жас (жастар) және 21+ (ересектер) жас санаттары бойынша өтті. Қазақстан атынан 29 салмақ дәрежесі бойынша 42 спортшы қатысуда. ММА әлеміндегі тарихи оқиға ақтөбелік Бағдат Жұбаныштың (52,2 келіге дейін) хет-трик жасауы болды. Ол финалдық жекпе-жекте ресейлік Фарход Рахмоналиевті жеңіп, әуесқой ММА бойынша алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атанды, – делінген хабарламада.


Жекпе-жек үш раундта да қазақстандықтардың басымдығымен өтті. Федерация төрешілердің бірауыздан шешім қабылдап, жеңісті Жұбанышқа бергенін жеткізді.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.