English version

Ішкі істер министрлігі Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

События дня — 23 февраля 2022 00:00
0

ҚР Ішкі істер министрлігі министр Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

— Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Министр әдеттегідей жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін үш жыл бойы осы қызметті атқарған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылады деген ақпарат тараған еді.

Telegram арналарда министрдің орнына ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деген болжам айтылды.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.