Тоқаев Үкімет басшысын қабылдады
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады.
Кездесу барысында премьер-министр елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен Украинадағы соғыс жағдайының ұлттық валютаға кері әсеріне қатысты ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп қолданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық аренадағы соңғы жағдайларға байланысты экономиканы дамытудың антидағдарыстық жоспарының маңызды тұстарынан хабардар болды.
— Президентке «Қаңтар оқиғасының» кезіндегі зардап шеккен нысандарға өтемақы төлеу, мемлекеттік ғимараттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы айтылды, — делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін нысандар мен кедендік әкімшілікті субсидиялау мәселелері туралы ақпарат берді.



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.