Ya Metrika Fast


English version

Футболдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

События дня — 9 марта 2022 00:00
0
Изображение 1 для Футболдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкерді таңдады.

Meta-ratings.kz мәліметінше , ұлттық құраманы Андрей Карпович басқарады. Бұл туралы жақын арада ресми түрде хабарланады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта Карпович өткен маусымның қорытындысы бойынша конференциялар лигасының квалификациясына шыққан петропавлдық «Қызылжар» командасын жаттықтырады.

— Карпович Ұлттар Лигасының Молдоваға қарсы алдағы екі ойында ұлттық құраманы басқарады. Ойындар 24 және 29 наурызда өтеді. Осы ойындардан кейін Андрей Карповичтің алдағы уақытта Қазақстан құрамасын баптайтыны туралы шешім қабылданады, — делінген хабарламада.


Чингиз Айтматов

Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясының сайтында Андрей Карпович ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалғаны туралы хабарлама пайда болды.

Бұған дейін Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететіні белгілі болды. Байсуфиновтың басшылығымен Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу тобында үш ұпай жинап, соңғы орынға ие болды.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.