Ya Metrika Fast


English version

Түркіменстандағы президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті

События дня — 15 марта 2022 00:00
0
Изображение 1 для Түркіменстандағы президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті

Түркіменстанның бұрынғы басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы Сердар президент сайлауында 72,97 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

— Түркіменстан Сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімі негізінде 72,97 пайыз дауыс алған Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті болып танылды, — делінген орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесінде.

Сердар Бердімұхамедов 1981 жылы дүниеге келген. Ниязов атындағы Түркіменстан ауылшаруашылық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. 2008-2011 жылдары Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында білім алып, халықаралық қатынастар маманы болды.


Еске салайық, ақпан айында парламенттің жоғарғы палатасы – Халық кеңесінің кезектен тыс отырысында Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мемлекетті басқаруда жас көшбасшыларға жол беру қажеттігін мәлімдеген болатын.

Чингиз Айтматов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.