Ya Metrika Fast


English version

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері аталды

События дня — 16 марта 2022 00:00
0
Изображение 1 для Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері аталды

Қазақстанда 1 наурызда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 538 теңгені құрады. Елімізде 2 млн 246 мыңнан астам зейнеткер тұрады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан бері қазақстандықтарға 470,1 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді.


2022 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,8 млрд теңге бағытталды, — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 246 мыңнан астам зейнеткер бар.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.