Ya Metrika Fast


English version

ҰҚК шекара қызметінің экс-басшысы бостандыққа шықты

События дня — 16 апреля 2022 00:00
0
Изображение 1 для ҰҚК шекара қызметінің экс-басшысы бостандыққа шықты

ҰҚК шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламанов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Сот оның ауыратындығын ескерген.

Семейдің №2 сотымен Нұрлан Жоламановты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші бойынша материалдар қаралды.

— Жазаны өтеу кезінде ол өзін жағымды жағынан көрсетті, іс жүргізу шығындарын төледі, сот үкімі бойынша азаматтық талап жоқ, оқу іс-шараларына және мекеменің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, сондықтан жазаны толық өтеуді қажет етпейді, — деп хабарлады Семей қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.


Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2015 жылғы 6 наурыздағы үкімімен Жоламанов 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оның мүлкі тәркіленді және жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеді.

Фото ашық деректерден


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.