Ya Metrika Fast


English version

Мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген қамауға алынды

События дня — 22 апреля 2022 00:00
0
Изображение 1 для Мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген қамауға алынды

Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

Қолда бар ақпарат бойынша, Қайрат Құдайберген жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін айыпталды. (ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі және 2-бөлігі).

Еске салайық, ақпан айында Қайрат Құдайберген әлеуметтік желіде жазба жариялап, оны жауап алуға шақырғанын жеткізген. Айта кетейік, Бас прокуратурадан ресми ақпарат шыққан жоқ.


— Ақыры мені жауап алуға шақырды. Иә, куәгер ретінде қаңтардағы оқиғалар бойынша жауап алу, — деп жазды ол.

Фото ашық деректерден


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.