Ya Metrika Fast


English version

Генерал Серік Күдебаев қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде Талдықорғаннан туған ауылына кетіп қалған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев бизнесмен Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты.

События дня — 26 апреля 2022 00:00
0
Изображение 1 для Генерал Серік Күдебаев қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде Талдықорғаннан туған ауылына кетіп қалған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев бизнесмен Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты.

Генерал Серік Күдебаев қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде Талдықорғаннан туған ауылына кетіп қалған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев бизнесмен Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты.

Бозымбаев 5 қаңтарда полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев комомегдант болғанын, ол облыс әкімдігінің қауіпсіздігіге жауап бере алмағанын атап өтті. Облыстық полиция департаментінің және қалалық басқарманың ғимараты, сондай-ақ әкімдік басып алынған.

— Нәтижесінде азаматтық билік қалды. Мен полиция департаменті бастығын іздедім. Оны тек таңертең Талдықорғаннан 300 шақырым жерде таптым. Ол ауылына кетіп қалған. «Сен неге кетіп қалдың?» дегенімде: басым, аяғы ауырып тұр, отбасымды алып кеттім — деп жауап берді, — деді Қанат Бозымбаев.


25 қаңтарда Ішкі істер министрі бұған дейін Алматы облысының полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаевты қызметінен босатты.

Фото ашық деректерден


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.