Ya Metrika Fast


English version

Қасым-Жомарт Тоқаев Nazarbayev University-не барып, жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

События дня — 4 мая 2022 00:00
0
Изображение 1 для Қасым-Жомарт Тоқаев Nazarbayev University-не барып, жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Nazarbayev University-не барып, жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке кампус, ғылыми орталықтар мен зертханаларды дамыту жоспары көрсетіліп, ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және спорт салаларындағы әртүрлі білім беру жобалары мен бағдарламалары таныстырылды.

— Қасым-Жомарт Тоқаевқа университеттің шетелдік жетекші ғылыми, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығы, медицина және инновациялық кластерлердің жұмыстары, сондай-ақ оқу орны түлектерінің стартап-жобалары жөнінде мәлімет берілді, — делінген хабарламада.

Оқу орнын аралаған мемлекет басшысы студенттермен әңгімелесіп, университеттің құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Фото: Ақорда


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.