English version

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы Атырау облыстық сотында хабарлады.

События дня — 31 мая 2022 00:00
0 -1

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы Атырау облыстық сотында хабарлады.

– 26 мамырда Атырау қаласы №2 сотына Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (пара алу) бойынша сотқа берілген қылмыстық іс келіп түсті, — деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2021 жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны белгілі болды. Ол Атырау қаласында Абай ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін ЖШС басшысынан 145 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Фото ашық деректерден


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.