English version

Байбек: Назарбаевты барлығы үшін кінәлау – деңгейдің төмендігі

События дня — 18 января 2022 00:00
0

Бауыржан Байбек сауығып, кеңес өткізді. Ол Nur Otan Тоқаев қойған міндеттерді орындау үшін барлық күшін жұмылдыратынын айтып, Нұрсұлтан Назарбаев туралы да пікір білдірді.

— Nur Otan әрқашан бірлік пен ішкі тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы туралы айтты… Осындай қиын уақытта Парламент пен партияны таратуды, шын мәнінде, елдің мемлекеттілігіне нұқсан келтіруді ұсынатындар да бар, — деді ол.

Бауыржан Байбектің айтуынша, Елбасы еңбектері ұлттық тарихта лайықты бағаланатыны сөзсіз.

— Елбасының және алдыңғы буынның мемлекет шекарасын шегендеп, елдің тұтастығын сақтау жолында төккен тері ұлттық тарихымызда сақталады. Әрине, түзетуге болатын қателіктер әрдайым орын алады. Президент жариялаған реформалардың да түпкі мәні осында. Бүгінгі күні Нұрсұлтан Назарбаевты барлығы үшін кінәлау – деңгейдің төмендігі, — деді ол.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.