Балалардан ұят емес пе?
Поддержать

Балалардан ұят емес пе?

«Қазақстан Республикасының мәденит және спорт министрлігіне қарасты Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Чехов пьесасы бойынша «Шағала» атты спектакль жүріп жатыр. Мынау төмендегі суреттерде сол спектакльдегі көріністер. Балалар мен жасөспірімдер театрында бұндай спектакльдерге жол берілуі дұрыс па?»

Осындай сауалмен жұртқа ақын деген атпен танымал Балтабек НҰРҒАЛИЕВ Мәдениет және спорт министрі мен Қырымбек Көшербаевтың атына үндеу өлең жолдады деп жазады exclusive.kz.

«Ақтоты Рахметоллақызы бұл туралы 26 қыркүйекте білді, 28 қыркүйекте Президент Қ.К.Тоқаевтың қабылдауында болды. Бірақ министр бұл туралы ақпаратты Мемлекет басшысынан жасырып қалған секілді»,- деп жазады ақын. Сонымен қатар ол бұл сөздерін өлеңмен де өріпті.

 Елеуұлы Қырымбек,

Таныр халық «ұлым» деп.

Ақтотыдай бір ханым,

Қасыңда жүр күлімдеп.

Сол ханымның саласы,

Бүгін олқы білінбек.

Бір сауалды айтамын,

Бір салақтық байқадым.

Қойылымнан келеңсіз,

Басымды мен шайқадым!

Қойылым бұл – «Шағала»,

Қонбай қойған санаға.

Дүние ме бұл өзі,

Ұсынатын балаға?

Бұл қойылым бүгінде,

Таза қазақ тілінде,

Мүсірепов Ғабиттің

Театрында жүруде.

Көріп бұны, таң қалғам,

Министр қалай аңғарған?

Театр ғой бұл, білсеңіз,

Балаларға арналған!

Орын алған төрлерден,

Дәрежесі мөрленген,

Министр ханым бұндайға

Қалай ғана жол берген?

Президент бұны құптай ма,

Бұдан ластық шықпай ма?

Ақтотыдай министр,

Ұрпақ жайын ұқпай ма?

 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *