Ya Metrika Fast


English version

Орал әуежайына Мәншүк Мәметова есімі беріледі

События дня — 21 октября 2021 00:00
0
Изображение 1 для Орал әуежайына Мәншүк Мәметова есімі беріледі

Оралдағы әуежайдың атауы ауыстырылады. Мой город басылымының ақпаратына сәйкес, тиісті шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданған.

– Облыстық мәслихат депутаттары «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады. Әуежайға Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймын, – деді Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.


Мәншүк Мәметова – Орал облысының (қазіргі БҚО) тумасы, Ұлы Отан соғысының ерлікпен қаза тапқан жауынгері. Соғыс жылдары пулеметші болып қызмет етті. Ол 1943 жылдың күзінде қайтыс болды, соңғы шайқаста 70-тен астам жауды мерт қылған. Қайтыс болғаннан кейін оған Кеңес одағының батыры атағы берілді.

Чингиз Айтматов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.