2022 жылы грант бөлінетін мамандықтар белгілі болды
Поддержать

2022 жылы грант бөлінетін мамандықтар белгілі болды

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 2025 жылға қарай жастардың 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіледі.

Бұған дейінгі жылдардағыдай алдағы уақытта да педагогика, IT және техникалық бағыттағы білім салаларына грант көбірек бөлінетіндігі белгілі болды.

— Гранттарды министрлік өз бетінше бөлмейді. Оны үлестіретін арнайы әдістеме бар. Жұмыс берушілер, «Атамекен» палатасы және еңбекпен қамту министрлігімен грант бөлу бағыты бойынша жұмыс істейміз. Олар бізге жетіспейтін мамандар бойынша мәлімет береді, кейін нарыққа қажет және керісінше саны тым көп мамандар тізімі жасалады. Мұның алдындағы оқу жылында тек 3,5 мыңға жуық грант игерілмеді. Олар «Серпін» бағдарламасы бойынша бөлінген гранттар болатын.

Ал жалпы конкурсқа берілген гранттар толықтай игерілді деп айтуға болады. Қазірдің өзінде бізде келесі оқу жылы бойынша бұйрық бар. Сол бұйрықта гранттың нақты қай білім беру бағытына бөлінетіні туралы ақпарат көрсетілген. Ең көп бөлінетін бағыттар – педагогика, IT және техникалық білім салалары. IT бағыты бойынша грантты екі есе арттырып, санын 9 мыңнан асырдық. Гранттардың көбісін осы үш бағытқа бөліп отырмыз. Өткен жылдары да осы үш салаға көп бөлінді, келесі жылдары да осы қалыптасқан тренд жалғасады, – дейді Аймағамбетов. 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *