Ердоған 10 мемлекеттің елшісін Түркиядан шығарып жіберуді бұйырды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 10 мемлекеттің елшісін «персона нон грата» деп жариялады. Сондай-ақ, оларды түбегейлі елден шығарып жіберу туралы сыртқы істер министріне тапсырма берді.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
Түркиядан елшілері шығарылатын елдер: АҚШ, Канада, Франция, Финляндия, Дания, Германия, Нидерландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция.
Ердоған Ескі шахар қаласында сөз сөйлеп, осындай шешімге келгенін мәлімдеді. Айтуынша, сыртқы істер министріне өзі осындай тапсырма берген.
— Мен біздің елдің сыртқы істер министріне дереу шара қолдану керектігін айттым. Яғни аталмыш 10 елшіні «персона нон грата» деп жариялауды тапсырдым, – деді Түркия президенті Ескі шахар қаласында сөйлеген сөзінде.
мұндай шешім қабылдауына 18 қазан күні дипломаттардың құқық қорғаушы Осман Кавалды босату жайлы мәлімдемесі себеп болды. Дәл осы оқиғадан кейін барлық елшілер Түркияның Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оларға Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясын сақтау қажеттігі туралы ескерту берілген.
Осман Кавал кім?
Осман Кавал – құқық қорғаушы әрі Anadolu Kültür AŞ мәдени қорының негізін салушы. Осман Кавал 2013 жылы Стамбулдың Гези саябағындағы үкіметті биліктен кетіруге арналған наразылық шеруіне байланысты кінәлі деп танылды. 2020 жылдың ақпан айында ақталып шықты.
Комментариев пока нет