Антиваксер Айна Бакеева қамауға алынды
Елордалық сот Айна Бакееваны 10 тәулікке қамауға алды. Ол мектепке рұқсатсыз кіріп, мұғалімдерді балағаттады.
Іс материалдары бойынша, 5 қазан күні сағат 11.30-да ол №58 мектеп-гимназиясында жанжал шығарып, директор Самал Нұғымановаға дөрекі сөйледі.
Сот отырысында Айна Бакеева ата-аналардың бірінің өтініші бойынша ата-аналарының келісімінсіз жасалатын балаларды вакцинациялау фактісін анықтауға келгенін түсіндірді. Мектеп ғимаратына кіріп, мектеп директорымен кездесуді сұрады. Оның айтуынша, балағаттап ешкімге тіл тигізбеді.
Айна Бакеева өзінің кінәсін ұсақ бұзақылық ретінде мойындаған жоқ.
Мектеп-гимназия директоры Самал Нұғыманова сотта айтқан сөзі бойынша, Айна Бакеева өзін блогер ретінде таныстырып, не болып жатқанын камераға түсіріп, айқайлады.
«Директордың кабинетіне кіру туралы ұсынысқа ол ұрып-соғу жайлы дәлелсіз айыптады.Осылайша балалар үрейңн туғызды. Сабақтар тоқтатылды. Сонымен қатар, Айна Бакеева тікелей эфирінде балаларды түсірген» делінген директордың сөзінде сот шешімде.
Сот Айна Бакееваны ҚР ӘҚБтК-нің «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 10 тәулікке қамауға алуды шешті.
Комментариев пока нет