Полиция қызметкерлері 1 қаңтардан бастап жаңа форма киеді
Полиция қызметкерлері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форма киеді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа форманы таныстырды.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
– Біз форманы биыл күзде бекіттік. Әрине, олар бір күнде тігілмейді, сондықтан біз конкурстық құжаттамаға сәйкес мемлекеттік сатып алулар арқылы 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін тігіліп, дайын болады деп болжаймыз. Сол күннен бастап көптеген өңірлерде патрульдік қызметкерлер жаңа формада жұмысқа кіріседі, – деді Тұрғымбаев.
Министр жаңа формамен бірінші кезекте патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар қамтамасыз етілетінін мәлім етті.
– Қосымша қаражат талап етпейміз. Ескі форма әлі бар, жаңа форма бірте-бірте бөлінеді. Екі жылдың ішінде біз бүкіл Ішкі істер министрлігінің формасын өзгертеміз, – деді ол.
Фото: Турар Казангапов
Комментариев пока нет