Министр ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру мәселесі қарастырылмағанын айтты
Поддержать

Министр ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру мәселесі қарастырылмағанын айтты

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өтті. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке ең төменгі жалақының өсуіне байланысты Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі көтеріле ме деген сұрақ қойылды. Министр өз жауабында бұл мәселенің қарастырылмағанын айтты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

– Бүгінгі күні Үкіметте ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру мәселесі қарастырылып отырған жоқ, — деп жауап берді Ұлттық экономика министрі Мәжілісте.

Айта кетейік, еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 213 теңге. Бұл бір адамның бір ай өміріне жетуі тиіс деп саналатын ақша.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министріне журналистер бір айға азық-түлік алу үшін қанша ақша жұмсайтынын сұрады.

– Бір айға азық-түлік үшін 50-60 мың теңге аралығында жұмсаймын. Мен де барлық адамдар секілді нан, сүт, қант сатып аламын. Менде де сіздер секілді отбасы бар, – деп жауап берді министр.

Фото: halqym.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *