ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Bharat Biotech компаниясының үнділік Covaxin коронавирусқа қарсы вакцинасын төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берді.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
«ДДСҰ Bharat Biotech Covaxin вакцинасына рұқсат берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және дүние жүзінің сарапшыларынан құралған техникалық консультативтік топ вакцинаның COVID-19-дан қорғау стандарттарына сәйкес келетінін және оның пайдасы туралы шешім қабылдады. Вакцинаны бүкіл әлемде қолдануға болады» , — деп жазды ұйым Twitter-де.
ДДСҰ 18 жастан асқан адамдарға Коваксиннің екі дозасын қабылдауды ұсынады.
Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Bharat Biotech вакцинасы ауыр белгілері бар COVID-19-ға қарсы 77,8 пайыз тиімділік көрсетті.
Коваксин 16 елде тіркелген және вакцина 50 елде мақұлданды. Үндістанның өзінде компания төрт учаскеде вакцина өндірісін құрды, жыл сайынғы өндірістік қуаты 1 миллиард дозаға жету үшін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
Комментариев пока нет