Ya Metrika Fast


English version

Елімізде ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия жымқырылған

События дня — 5 ноября 2021 00:00
0
Изображение 1 для Елімізде ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия жымқырылған

Ауыл шаруашылығына бөлінген субсидиялардың бақыланбағаны белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, Қазақстан шекарасынан заңсыз Өзбекстанға мал тасымақ болған қылмыстық топ ұсталған.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Сондай-ақ, көптеген ауылшаруашылық мамандары да жауапқа тартылып жатыр.

— Жемқорлыққа жол берген біраз фактілер ашылды. Қылмыстық істер анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысында, біздің Қазақстан шекарасынан заңсыз Өзбекстанға мал тасымақ болған қылмыстық топ ұсталды. Шаруашылыққа берілетін субсидияларды жымқырған фактілер анықталды. Ауылшаруашылық қызметкерлері, аймақтағы ауылшаруашылығы саласындағы қызметкерлер жауапқа тартылып жатыр, — деді Марат Ахметжанов.


Чингиз Айтматов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі субсидияларды жымқыру әрекеті бойынша 170-ке жуық ұсыныс тастаған.

— Ақпараттық жүйелер алаяқтарға келгенде осал. Бөлінген субсидияның мақсатты жұмсалуы бақыланбайды. Мұндай тәсілдер жемқорларға жол ашып беріп отыр, — дейді Ахметжанов.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.