Еуропа мен Орталық Азия індеттің ошағында қалды – ДДСҰ
Поддержать

Еуропа мен Орталық Азия індеттің ошағында қалды – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) COVID-19 инфекциясының таралу қарқыны Еуропа мен Орталық Азияның барлық елдерінде рекордтық деңгейге жеткенін ескертті.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 25-31 қазан аралығындағы аптада Еуропа мен Орталық Азияда COVID-19 жұқтырған 1,8 миллион адам анықталды, 24 мың адам қайтыс болды. Бұл көрсеткіштердің өткен аптамен салыстырғанда өсімі тиісінше 6 және 12 пайызды құрады. Оның үстіне, Еуропа мен Орталық Азия елдері дүниежүзіндегі барлық дерттің 59 пайызын және өлімнің 48 пайызын құраған.

Еуропа тағы бір толқынды бастан өткеріп жатыр, және пандемия эпицентрінде тұр. Бірақ бүгін біз көп нәрсе жасай аламыз, — деді ол. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді.

Аймақта COVID-19 бойынша ауруханаға жатқызу көрсеткіші бір аптада екі есеге өсті. Егер инфекцияның қазіргі таралу қарқыны жалғаса берсе, ақпан айына дейін Еуропа мен Орталық Азияның 43 елінің денсаулық сақтау жүйесі науқастардың ағынына төтеп бере алмауы мүмкін, деп ескертті Клюге. Оның айтуынша, аурушаңдықтың артуы екі фактормен байланысты – вакциналаудың бәсеңдеуі және карантиндік режимнің әлсіреуі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының басшысы да тұмау маусымының жақындап қалғанын еске салып, оның қауіптілігін ескертті. Сарапшылардың пікірінше, егер елдер қосымша шара қолданбаса, келесі жылдың 1 ақпанына дейін Еуропа мен Орталық Азияда тағы жарты миллион адам қайтыс болуы мүмкін.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.