Ақтаудағы дәмханада болған жарылыстың себебі айтылды
Поддержать

Ақтаудағы дәмханада болған жарылыстың себебі айтылды

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Ақтаудағы дәмханада болған жарылыстың ықтимал себебі айтылды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, жарылыстың алдын ала себебі газ-ауа қоспасы. Жарылыс орнынан екі газ баллоны табылды.

— Иесінің айтуынша, қоқыстардың астында әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр болатын тағы екі газ баллоны бар. Толығырақ ақпарат авариялық-құтқару жұмыстарынан кейін болады, – деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Қазіргі уақытта жарылыс орнында ТЖ департаментінің күштері мен құралдары (70 адам және 11 бірлік техника) құтқару жұмыстарын жүргізуде. Полиция департаментінің қызметкерлері (150 адам және 20 бірлік техника), сондай-ақ азаматтық қорғау және энергетика қызметкерлері тартылды, — деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығы.

Фото: Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.