Министр полиция қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді
Поддержать

Министр полиция қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда полиция қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін айтты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Полиция қызметкерлерінің жалақысы төмен екенін айтқан министр Президенттің тапсырмасы бойынша жалақы көтерілетінін айтты. Бірақ бұл кезең-кезеңмен жүзеге асатын шаруа.

Сондай-ақ, Тұрғымбаев 2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысы 50 пайыздан 30 пайызға дейін көтерілетінін жеткізді. Министр бұл туралы Үкімет сағатында мәлімдеді.
— Біз жалақы өте төмен екенін айтқымыз келді. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2019 жылдан бастап жалақыны кезең-кезеңімен көтеріп жатырмыз, 2023 жылға дейін қызметкерлердің жалақысын 50 пайыздан 90 пайызға дейін көтереміз. Бұл орайда сержанттың жалақысы 81 мыңнан 101 мың теңгеге дейін, лейтенанттың жалақысы 130 мыңнан 174 мың теңгеге дейін өседі, — деді Тұрғымбаев Мәжілістегі үкімет сағатында.

Фото:  tengrinews.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.