Алматыда жаппай ревакцинацияның қашан басталатыны белгілі болды
Поддержать

Алматыда жаппай ревакцинацияның қашан басталатыны белгілі болды

Алматыда коронавирусқа қарсы ревакцинация қараша айының соңында басталады. Бұл туралы Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова брифингте мәлімдеді.

Бұл туралы exclusivekz хабарлайды.

Оның айтуынша, қазір қалада үш вакцина тіркелген: ресейлік Sputnik V, қазақстандық QazVac және қытайлық Vero Cell. Осы вакциналар арқылы ревакцинациялауды жоспарлап отыр.

Бізде вакцина жеткілікті, ревакцинация қарашаның үшінші онкүндігінде басталады. Ревакцинация дегеніміз – адамдардың екпенің бірінші және екінші құрамдас бөлігінен кейін алатын дозасы. Яғни, сіз алғашқы екі дозаны аласыз, содан кейін үшінші доза – күшейткіш түрінде жүредеі., — деді Ибрагимова.

Ол вакцина салдыру кезінде немесе ревакцинация алдында антиденелер сынағынан өтудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

— Егер сіз бұл сынақты өз бетіңізше тапсырғыңыз келсе, оны өз қалауыңыз бойынша жасай аласыз. Бірақ бұл медициналық бас тарту немесе вакциналаудан бас тартудың көрсеткіші емес. Бұл жерде антиденелердің деңгейі маңызды емес, — деді ол.

Сондай-ақ Эльвира Ибрагимова азаматтарға алғашқы салдырған екі дозадан айырмашылығы бар басқа вакцинаны салдыруды ұсынды.

— Бүгінде бізде вакциналардың екі түрі бар: векторлық және инактивтендірілген. Sputnik V – векторлық вакцина, ал қалғандарының барлығы инактивтендірілген. Векторлық вакцина алған адамдарға тоғыз айдан кейін белсенді емес вакцинаны, яғни Vero Cell алуды ұсынамыз. немесе QazVac. Ал кез келген инактивтендірілген вакцинаны алғандарға біз алты айдан кейін Sputnik V векторлық вакцина салдыруды ұсынамыз, — деп түйіндеді Э. Ибрагимова.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.