Қазақстанда 2029 жылға қарай 20 жаңа түзеу колониясы салынады
Поддержать

Қазақстанда 2029 жылға қарай 20 жаңа түзеу колониясы салынады

Қазақстанда 2029 жылға қарай 20 жаңа түзеу колониясы салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

— Алдағы 3 жылда (2022-2024 жж.) Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 4 мекеме (түзеу мекемелері – ҚазТАГ) салу жоспарлануда. Жалпы 2029 жылға дейін 20 түзеу колониясын салу жоспарда бар. Олардың әрқайсысында сотталғандар үшін 1500 жұмыс орны бар индустриялық аймақтар болады, — деді Тұрғымбаев Мәжілістегі үкімет сағатында.

Бұл ретте ол соңғы 2 жылда толық техникалық тозуға байланысты тозығы жеткен 6 колония жойылғанын түсіндірді. Еске салайық министр бұған дейін полиция қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін және педофилдерге арнайы электронды білезіктер тағылатынын жеткізген еді.

Фото: time.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.