Қазақстанда тағы бір қаржылық пирамида анықталды
Ақмола облысында пирамидалық схема белгілері бар River Coins Limited анықталды.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «River Coins Limited» компаниясына қатысты 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың мамырына дейін ақшаны заңсыз тарту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеруді бастады.
— Тергеу компанияда спираль қағидаты бойынша төлемдер жүйесі бар екенін анықтады. Бірінші деңгейдегі салымшылар жаңа салымшылардан түсетін жарналарды қайта бөлу есебінен сыйақы алып отырған,
«River Coins Limited» компаниясы ҚР аумағында кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелмеген, банк операцияларын жасауға – қаражат тартуға және сыйақы төлеуге лицензиялары мен рұқсаттары жоқ, — деп жазды Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қаржы пирамидалары қомақты соманы салуды талап етеді және қосымша қаражатпен қоса, қысқа уақыт ішінде қайтаруға кепілдік береді.
Фото: ZTB
Комментариев пока нет