Парламент 2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қабылдады
Мәжіліс депутаттары Сенаттың 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілген түзетулерімен келісті.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
— 18 қарашада Сенат отырысында 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралды. Сенат 107 түзету енгізді. Түзетулер республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін өзгертпейді. Үкіметтің қайта бөлінуіне байланысты резерв, республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы – 64,5 млрд теңгеге, 2023 жылы – 15,1 млрд теңгеге, 2024 жылы – 6,4 млрд теңгеге ұлғайтылды.
Сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдар арасында шығыстарды қайта бөлу жүргізілді. Осыны ескере отырып, Комитет Мәжіліске Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісу туралы ұсыныс енгізуге болады деп санайды. Қолдау көрсетіңіздер, — деді Мәжіліс отырысында депутат, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Анатолий Бойчин.
Дауыс беру нәтижесінде мәжілісмендер енгізілген түзетулермен келісті. Заң Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
— Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалады. 3 жылдағы кірістердің өсімін ескере отырып, әлеуметтік салаға шығыстарды үштен біріне дерлік ұлғайту жоспарлануда. Жалпы алғанда, әлеуметтік салаға 26,7 трлн теңге қарастырылған. Бұл қаражат көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Негізінен біз әлеуметтік төлемдерді индексациялау, мұғалімдердің, дәрігерлердің, бюджеттік қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын арттыру және көптеген әлеуметтік нысандарды салу туралы айтып отырмыз, — деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
Комментариев пока нет