KEGOC басшысы өз еркімен қызметінен кетті
KEGOC АҚ Басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Бақытжан Қажиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол өз еркімен қызметінен кетті.
Бұл туралы exclusive.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Акционерлер жиналысының шешімімен KEGOC АҚ Басқарма Төрағасы болған Қаныш Молдабаевтың KEGOC АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылды.
KEGOC Директорлар кеңесінің төрағасы болып Сүйіншілік Тиесов тағайындалды.
Сондай-ақ Ернат Бердіғұловты «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде KEGOC АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылданды.
Комментариев пока нет