Ресей жасөспірімдерге арналған вакцинаны тіркеді
Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы басшысының орынбасары Денис Логунов Ресейде жасөспірімдерге арналған вакцинаның тіркеу куәлігін алғанын айтты.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
— Вакцина Sputnik V-мен бір платформада жасалған және 21 күн аралықпен салынатын екі компоненттен тұрады, – деп хабарлады РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов жасөспірімдерді вакциналау ерікті екенін, ол ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен жасалатынын айтқан болатын.
Айта кетейік, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Виктор Фисенко жасөспірімдердің ата-аналарына балаларына екпе егуді сұрады.
— Мен ата-аналарды осы екпенің қауіпсіздігін ескере отырып, мүмкіндігінше вакциналауға қатысуға шақырамын, – деді Фисенко «Россия 24» телеарнасының эфирінде.
Комментариев пока нет