Ақсу қаласында 11 миллион теңгеге салынған қазандық іске жарамай тұр
Қалада қазандық құрылысы 2017 жылы басталып, биылғы жылдың жазында пайдалануға берілуі тиіс еді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов журналистерге бұл нысанның неліктен іске қосылмай жатқанын айтты.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
— Қазандық бүгінде іс жүзінде салынды. Айта кетейін, ол Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі ескінің орнын ауыстырмайды, бірақ қосымша болады. Келесі жылыту маусымында ол іске қосылады, — деді облыс әкімі.
2016 жылы 6,3 млрд теңгенің техникалық-экономикалық негіздемесі негізінде жоба жарияланса, 2017 жылы қазандық құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді.
Жобалық-сметалық құжаттаманы сараптау барысында қазақстандық өндірушінің жабдық жобасын қолдануға қатысты ескерту жасалды.
Құрылыста қолданылатын материалдар мен жабдықтар құнының қымбаттауы нәтижесінде жобаның жалпы құны 11 млрд теңгені құрады. Қазандықтардың апатты жағдайда тоқтауына байланысты өткен демалыс күндері Ақсуда жылу параметрлері төмендеді.
Комментариев пока нет