Жапон ғалымдары АИТВ-ны жоятын вакцина жасап шығарды
Поддержать

Жапон ғалымдары АИТВ-ны жоятын вакцина жасап шығарды

Жапондық зерттеушілер тобы маймылдардың денесіне сынақ жасай отырып, АИТВ-ны жоятын вакцина жасап шығарды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Жапон ұлттық биомедициналық инновациялар, денсаулық және тамақтану институтының зерттеушілері жаңа вакцинаны сынақтар өткізді. Нәтижесінде макакалардың бойындағы АИТВ дерті жапондық вакцина арқылы емделген.

Зерттеушілердің айтуынша, вирусты сынаққа қатысқан жеті маймылдың төртеуі жұқтырған, кейінірек бұл ауру макакалардың денесінен анықталмады.

Ғалымдар жануарлардың денесінде иммундық реакция АИТВ-ның жойылуына әкелді деп санайды.

Зерттеушілер шамамен бес жылдан кейін адамдардың қатысуымен клиникалық сынақтарды бастайтындарын айтты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *