Париж қаласында Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында Парижде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың бюсті ашылғанын айтты.
— Париж қаласында қазақтың бас ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды. Бюст Париждің орталығында ақындар алаңында орнатылды, онда француз жазушысы Виктор Гюго, орыс ақыны, проза жазушысы Александр Пушкинге құрмет көрсетілді. Абай Құнанбаевтың мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылды. Ұйымдастырушысы – ҚР Франциядағы Елшілігі, бюст демеушілік қаражат есебінен ашылды, — деп жазды Көлгінов.
Елорда әкімінің айтуынша, бірлескен жобалар саны көбейеді. Сондай-ақ, музейлер жобасын келесі жылға шақырғанын да жеткізді.
— Париж қаласының мэрі Анн Идальгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқыладық. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 30-дан астам француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен маңызды жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, сол сияқты қосымша жұмыс орындарын құру болып саналады. Бірлескен жобалар санын кеңейтетін боламыз. Сонымен бірге елордамызда Францияның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салу туралы келісімге келдік. Сондай-ақ, музейлер ұжымын келесі жылы көрмелерімен шақырдық, олар елордамыздың мәдени саласын дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз, – деп жазды ол.
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
Комментариев пока нет