Павлодар облысында 70 млрд теңгеге өндіріс орны ашылады
Павлодар облысында 70 млрд теңгеге жаңа өндіріс ашу жоспары бар. Бұл туралы облыс әкімдігінде айтылды.
Жоба Екібастұз қаласының аумағында жүзеге асырылады. LS мәліметіне сәйкес, моноқалада жеке инвестиция есебінен кешен салмақшы.
— Жоба бастамашысының айтуынша, инвестиция көлемі шамамен 70 млрд теңгені құрайды, — деп хабарлады мемлекеттік мекеме.
Өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың дана болады. Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме дайын, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жоба 2024 жылы ашылады деп күтілуде. Кәсіпорын 160 жұмыс орнын ашады.
Қазақстандық компания 2,5 млрд теңгеге ашық түсті мұнай өнімдеріне, шикі мұнайға және техникалық суға арналған қоспалар мен реагент өндірісін іске қосады. Екінші бастама – қорғасын-мырыш батареяларын өңдейтін зауыт салу. Инвестициялар – 600 млн теңге. Екі жобаның іске қосылуы 2022 жылы күтілуде.
Комментариев пока нет