Адамдар шенеуніктерге саналы түрде пара беріп отыр – Антикор басшысы
Поддержать

Адамдар шенеуніктерге саналы түрде пара беріп отыр – Антикор басшысы

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, елде адамның пара беруге мәжбүр болудың өзі жасанды түрде жасалып отыр. Сондай-ақ, бұл жағдай әдетке, өмірлік нормаға айналып бара жатыр.

— Сыбайлас жемқорлық схемалары күрделірек және жүйелі сипат алды. Бюрократиялық кедергілер әдейі жасалады, заңсыз баю мақсатында ережелер күрделендіріледі. Бұл ретте лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттерінде жауапкершілікті азайтатын олқылықтар қарастырылған, — деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Брифингте ведомство басшысы 2015 жылы «пара беру» бабы бойынша фактілер тіркелген қылмыстардың 10 пайызын ғана құраса, биыл оның үштен бірін құрағанын атап өтті.

— Адамдар шенеуніктерге саналы түрде пара беріп отыр. Көбінесе әртүрлі рұқсаттар алу, мемлекеттік қызметтерді алу, мемлекеттік сатып алулардағы жеңістер және т.б. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың барлық жүйесін қайта форматтау қажет, — деді Антикор басшысы.

Басқарма басшысы олардың салдарымен күресуден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және қылмыстық схемаларды ашуға көшіп жатқанын жеткізді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.