Тұрарбек Құсайынов: Атырау облысының әкімі Досмұхамбетов қызметінен кетсін
Поддержать

Тұрарбек Құсайынов: Атырау облысының әкімі Досмұхамбетов қызметінен кетсін

Қоғам белсендісі, «Демос» ҚБ төрағасы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің екі орынбасарына қатысты сот процесі жүріп жатқанын айтып, әкімнің орнын босатуын талап етті.

Естеріңізде болса осыдан 4 ай бұрын Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың кінәсі дәлелденіп, сот үкімі шыққанда ғана отставкаға кететінін мәлімдеген еді. Нақтырақ айтсақ 10 қыркүйекте 182 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталған-ды.

Қазіргі уақытта әкім Махамбет Досмұхамбетовтың білдей екі орынбасарына қатысты сот процесі жүруде: бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 182 млн теңге пара алды деп айыпталса, Қайрат Нұрлыбаев ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған кезінде 80 миллион теңге көлеміндегі ауыл шаруашылығы субсидиясын заңсыз бөлді деп айыпталуда.

Ал екінші орынбасары Назарбаевты жер-көкке сыйғызбай мақтаған,кеше ғана кең көлемде пара алып,уақытша тергеу изоляторына қамалған «Нұр Отан» партиясының мүшесі Бақытгүл Хаменова.

Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысына әкім болғалы сыбайлас жемқорлықпен ұсталған мемлекеттік шенеуніктер заңды белшесінен басып,әбден шектен шықты.
Сондықтан да аталмыш бассыздыққа тікелей жауапты президент Қ.Тоқаевтың Атырау өңіріндегі өкілі М.Досмұхамбетов тез арада өз еркімен қызметінен бас тартып,орнын босатсын!

«Демос» ҚБ төрағасы Тұрарбек Құсайынов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *