Айтыстан «Алтын домбыраның» иегері анықталды
Поддержать

Айтыстан «Алтын домбыраның» иегері анықталды

11-12 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы Qazaqstan Орталық концерт залында «Тәуелсіздік Қасиетім, Қастерлім!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Оны Мәдениет және спорт министрлігі «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізді.

«Алтын домбыра – 2021» республикалық ақындар айтысы қазылар алқасының шешімімен Бекарыс Ақсақалұлы Шойбеков «Алтын домбыра» иегері деп танылды. Бірінші орынды Еркебұлан Қайназаров, екінші орынды Мейірбек Сұлтанұлы, үшінші орынды Рүстем Қайыртайұлы мен Жансая Мусина бөлісті.

Сол кеште 16 айтыс ақыны «Мәдениет саласы үздігі» төсбелгісімен марапатталды, марапаттарды ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыс етті.
Марапатқа ие болғандар қатарында: «Алтын домбыраның» үш дүркін иегері айтыскер Мұхтар Ниязов, Шұғайып Сезімхан, Нұрмат Мансұров, Төлеген Жаманов, Марат Ахметов, Кенжебай Жүсіпов, Қанат Мызаханұлы бар.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *