Қытай коронавирустың пайда болғаны үшін ақы төлеуі керек - Трамп
Поддержать

Қытай коронавирустың пайда болғаны үшін ақы төлеуі керек — Трамп

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Қытай коронавирустың пайда болғаны үшін әлемге өтемақы төлеуі керек екенін айтты.

Ақ үйдің бұрынғы басшысы Қытайдың әлемге жасаған аса қауіпті әрекетін айтып, жалпы залалды 60 триллион долларға бағалады.

— Менің ойымша, вирустың пайда болуының бастапқы көзі айқын. Ол Ухань зертханасынан шықты. Басқаша ойлайтындардың бәрі өздерін алдап жүрген адамдар. Қытай өтемақы төлеуі керек, бірақ ол елде ондай ақша жоқ. Менің ойымша, бүкіл әлемге келтірілген залал шамамен 60 триллион доллар. Қытайда бұл ақша жоқ. Бірақ олар бір нәрсе жасауы керек, — деді Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Трамп коронавирустық пандемия басталғанға дейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты. Fox News эфирінде Трамп Си Цзиньпинді «адам өлтіруші»деп атаған журналистің пікірімен келісетінін айтты.

Экс-президент өзінің ізбасары Джо Байден туралы да пікір білдірді. Трамптың айтуынша, демократ пандемияны тоқтату үшін ешқандай амал істемеген.

— Бүгінде біз коронавирус жұқтырғандар бойынша рекорд орнаттық. Адамдардың вакцина салдырмауының бір себебі — олар Байденге сенбейді, — деді ол.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *