Теңіз кенішінде 39 мың жұмысшы қысқартылады
Поддержать

Теңіз кенішінде 39 мың жұмысшы қысқартылады

Кен орнындағы «Келешек кеңею» жобасының аяқталуына байланысты жаңа жылдан бастап 39 мың адам жұмыстан қысқартылады.

Қызметінен босайтындардың 45 пайызы атыраулықтар екен. Осыған байланысты келер жылы өңірде жұмыссыздар саны күрт өсуі мүмкін.

Хабар 24 мәліметінше, жаңа жылдың алғашқы үш айында 7 мың жұмысшы қысқартылады. Оның үш мыңға жуығы Атырау облысының тұрғындары.

– Қысқарған жағдайда, өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы он екі мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай химия кешені саласында инвестициялық жобалар жоқ емес. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобаларды да атап өтуге болады. Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.