Ердоған мен Зеленский Тоқаевқа жеделхат жіберді
Поддержать

Ердоған мен Зеленский Тоқаевқа жеделхат жіберді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шет мемлекеттердің  басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп жатыр.

Режеп Тайып Ердоған жеке өзінің және түрік халқының атынан шынайы құттықтауын жолдады.

— Тарихи, мәдени және бауырластық байланыстарымыз ортақ Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестігіміздің екіжақты, аймақтық және халықаралық деңгейде тереңдеп, нығайып келе жатқанына қуаныштымын, – делінген жеделхатта.

Владимир Зеленский де құттықтау хатын жолдап, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында өз позициясын нығайтып, халықаралық аренада лайықты орын алғанын жазған.

— Елдеріміздің көпқырлы және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытып, мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара қолдайтынына, Қазақстан Украинаның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі болып қала беретініне сенімдімін, – делінген Украина басшысының жеделхатында. 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.