Полицейлер қағып өлтірген жігіттің әпкесі Тоқаевқа үндеу жолдады
Қараша айының ортасында Талғар қаласында полиция қызметкері жас жігітті қағып кетті. Жігіт ауыр соққыдан қайтыс болған. Осы жағдайға байланысты 18 жастағы жігіттің әпкесі президент Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.
Марқұмның әпкесі президентке жолдаған үндеуін Instagram парақшасында жариялады. Жолдауда полицейлердің қатты жылдамдықпен келе жатқанын және қылмыс болған орыннан қашып кеткені айылады.
Көше жиегімен келе жатқан жігітті қағып кеткен күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Сондай-ақ, Қарасай батыр көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің жанында лақтырып кетеді.
Үндеуде адам өлімімен аяқталған жол көлік апаты кезінде көлік ішінде тағы бір адам болғаны да айтылды. Көлік ішіндегі екінші адамның Талғардағы мектептің бірінде әскери даярлық пәнінен сабақ беретін ұстаз екені анықталды.
— Қазір біз полиция қызметкерлері заңды жақсы біле тұра, оны бұзып, жазасыз қалатын елде тұрамыз. Кінәліні қатаң түрде жазалауды және қылмысты жасырғаны үшін екінші айыпталушыны жауапқа тартуды талап етеміз. Бұл істі жеке бақылауыңызға алуды сұраймыз, — деді видео авторы.
Комментариев пока нет