Қазақстан орыс тілінде сөйлейтін ел - Путин
Поддержать

Қазақстан орыс тілінде сөйлейтін ел — Путин

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшылығына орыс тілін қолдағаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ол жыл сайынғы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Путин Қазақстан мен Ресейдің өте терең гуманитарлық байланыстары бар екенін атап өтті.

– Мен Қазақстан басшылығына орыс тілін қолдау мен дамытуға деген ықыласы үшін өте ризамын. Қазақстанда қанша адам орыс тілін оқып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Бұл сөздің толық мағынасында орысша сөйлейтін ел. Орыс тілін оқытатын мектептер мен жоғары оқу орындарының саны артып келеді, – деді Владимир Путин.

Бұған дейін Путин Ресей мен Қазақстан арасында бірегей қарым-қатынас қалыптасқанын айтқан еді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.