Құл ғана қожайын тілінде сөйлеуге құмар болады – депутат
Поддержать

Құл ғана қожайын тілінде сөйлеуге құмар болады – депутат

Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы үлкен баспасөз мәслихатында Қазақстанды «орыс тілді ел» деп атап, Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер мен ЖОО филиалдары салынып жатқанын айтты. Путиннің бұл сөзі қазақстандықтар арасында қызу талқыланып жатыр.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Ресей басшысының даулы мәлімдемесіне қатысты пікірін білдірді. Сондай-ақ, мемлекетік тіл туралы жаңа заң қабылдауға шақырды.

– Қазақстан қандай ел? Қазақстан орыс тілінде сөйлейтін ел деген сөз – Қазақстан әлі құлдықтан құтылмаған ел деген сөз. Ресей президенті Путиннің шындығы бар бұл сөзін біздің биліктегі мемлекеттік тілін білмей-ақ, Ресей тілінде сөйлейтіндер «бізді мақтап жатыр» деп мәз болып, жуып жатқан болар.

Иә, құл ғана қожайын тілінде сөйлеуге құмар болады. Осы біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлаған жоқпыз ба? Бұл масқарадан құтылудың бір-ақ жолы бар – мемлекеттік тілді міндеттейтін мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек,  деп жазды Қазыбек Иса Facebook-те.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.