Түркіменбашы 2022 жылға арналған астрологиялық болжамын жариялады
Поддержать

Түркіменбашы 2022 жылға арналған астрологиялық болжамын жариялады

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов үкіметтің 2021 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша Министрлер кабинеті мен Қауіпсіздік кеңесінің бірлескен отырысын өткізді.

«Түркіменстан хроникасы» басылымында айтылғандай, кездесу соңында Бердімұхамедов барлық үкімет мүшелерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, 2022 жыл қандай болатынын айтты.

Айта кетейік, Шығыс күнтізбесі 2022 жылдың символы жолбарыс болады.

— Барыс жылы ақылды, физикалық қуатты және мінезді адамдарға жағады. Бұл жыл баяу қимылдайтындар үшін қиын болады, — деді Бердімұхамедов.

Осы ерекшеліктерді ескере отырып, Түркіменбашы келесі жылға мынадай ұсыныстар айтты:

-барысқа жақын болу үшін жаңашылдықты ұғынып, өзін-өзі жетілдіруге белсене араласу, жаңашылдыққа ұмытылу керек;
-2022 жыл тіл үйренуге қолайлы жыл болады;
-барыс жылын денсаулыққа қатысты айтарлықтай мәселелер туындамайды, әсіресе белсенді өмір салтын ұстанушылар үшін жақсы болады;
-барыс рухының күші барлық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Барыс жылы туғандар мінезімен, жігерімен, көпшілдігімен ерекшеленеді, іскерлік пен шығармашылықта табысқа жетеді.

Түркіменстан басшысы жыл сайын шығыс астрологиясына сүйене отырып болжам жасайды. Шығыс астрологиясынан басқа, Бердімұхамедов 7 санын қасиетті деп есептей отырып, нумерологияға сенеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.