Қазақстанда үкімет отставкаға кетті
Қазақстан президенті үкімет отставкасын қабылдады деп хабарлады Ақорда сайты. Премьер-министр міндетін уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов атқарады.
Үкімет мүшелері жаңа үкімет құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.
Қазақстанның батысында Жаңаөзен қаласында жаппай наразылық басталып, өзге өңірлерге жайылған тұста үкімет отставкаға кетіп отыр. Бастапқыда наразылар Батыс өңірі тұрғындарының басым бөлігі көлігіне пайдаланатын сұйытылған газ бағасын арзандатуды талап етті. Жаңа жылдан бастап отынның аталған түрі екі есеге қымбаттаған.
Наразылықтың үшінші күні билік газды 50 теңгеге дейін төмендетуге келісті, алайда наразылар саяси талаптар айта бастады, олар үкімет отставкасын да талап еткен.
Комментариев пока нет