English version

Ресей Қазақстанның жаңа министрімен жұмыс істеуден бас тартты

События дня — 13 января 2022 00:00
0

Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Қазақстанның жаңа ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровпен жұмыс істеуден бас тартатынын жеткізді.

Бұл туралы Примаков өзінің Telegram-каналында жазба жариялап, жаңадан тағайындалған министрдің орыстар туралы жағымсыз пікір жазатынына көңілі толмайтындығын айтты.

— Россотрудничество руссофобпен ешқандай байланыс орнатпайды, жұмыс істемейді және ынтымақтаспайды, бұл біздің аталған министрмен өзара әрекеттесуімізге толықтай кедергі жасайды, — деп жазды Примаков.

Сондай-ақ, Россотрудничествоның саяси күреске бармайтынын және егеменді мемлекеттердің ісіне араласпайтынын баса айтты.

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елдің қалыпты өмірін қалпына келтіру жұмысында өте қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр деп есептеймін. Оған ҰҚШҰ күштері, оның ішінде 3 мың ресейлік әскери қызметкерлер көмек көрсетті, — деп жазды Россотрудничество басшысы.

Министрдің өзі мұндай жарияланымдарды оның имиджін қорлау әрекеті екенін жеткізді.

— Мен ондай адам емеспін. Бұрынғы барлық лауазымдарда мен ресейлік және басқа серіктестермен жемісті жұмыс жүргізуге тырыстым. Ресеймен одақтастық қарым-қатынастардың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Ресей Федерациясының біздің елімізге көрсеткен қолдауы құрмет пен ризашылықты тудырады, — деді Омаров.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.