Сағынтаев тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмған 4 жасар қыздың отбасына көңіл айтты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған төрт жасар Айкөркем Мелдеханның отбасына барды.
Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Әбдімоваға орны толмас қазаға байланысты көңіл айтты. Төрт жасар Айкөркем қайтыс болған, ал оның 15 жасар әпкесі Жанель жараланып жансақтау бөлімінде жатыр.
– Бақытжан Сағынтаев Жанелдің сауығып кетуін және ата-анасына шыдамдылық тіледі. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, оларға үш бөлмелі пәтер беріледі, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Комментариев пока нет